11
ақпан
2026
"Талғат Бигелдинов атындағы ЖББМ" КММ
ұрметті ата-аналар!Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 25.05.2021 ж. No 235 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында белгіленген талаптардың сақталуына ерекше назар аударамыз.
⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ Оқу сабақтарында ұялы телефонды пайдалану шектелген.
Ақпаратты беру функциясы бар смартфондар, планшеттер және басқа да құрылғылар сабақтарда пайдаланылмауы тиіс (мектеп ережелерінде және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін көзделген жағдайларды қоспағанда).
Сондай-ақ білім беру ұйымдарында әкелуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
атыс және суық қару;
пышақтардың барлық түрлері;
шаншу және кесу заттары;
жарылғыш және тез тұтанатын заттар;
газ баллондары;
темекі өнімдері мен вейптер;
психобелсенді заттар.
Балалармен түсіндірме әңгіме жүргізіп, белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуді сұраймыз.
Қауіпсіздік пен тәртіп - біздің ортақ жауапкершілігіміз.
Түсіністік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз.